«Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ жанында психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационар жағдайында қызмет көрсету туралы ақпарат
«Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығ»" КММ жанында 10 орындық күндізгі болу бөлімшесі жұмыс істейді.
Бөлімшеде жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қажет ететін психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар бола алады.
Стандартқа сәйкес, қызмет алушылардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіру мен интеграциялауға, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбек қызметінің дағдыларын қалыптастыруға, мекеме мамандары әзірлейтін жеке жұмыс жоспары негізінде қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қызмет көрсету, бөлімшенің негізгі міндеттері болып табылады.
Бөлімшеде қызмет алушылармен психолог, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, ЕДШК нұсқаушысы, еңбек жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, дене шынықтыру мұғалімі және т.б. мамандар айналысады.
Көрсеткіштері бойынша мүгедектігі бар адамдар массаж, емдік дене шынықтыру кабинеттеріне, сенсорлық бөлмеге барады.
Құжаттарды ресімдеуді және адамдарды күндізгі болу бөлімшесіне жіберуді көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімі) жүзеге асырады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдар (отбасылар) тұрғылықты жері бойынша қызметтер көрсету үшін жұмыспен қамту бөліміне мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:
1) қызмет алушының өтініші, ал әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – Стандартқа сәйкес нысан бойынша заңды өкілдің жазбаша өтініші;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) Стандартқа сәйкес нысан бойынша амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен қоса медициналық карта;
4) мүгедектікті белгілеу туралы құжат;
5) мүгедектігі бар адамға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында (ОЖБ-дан үзінді) әзірленген іс-шаралар туралы құжат;
6) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар үшін, соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);
7) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін зейнетақы жасы туралы құжат;
8) Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагер міртебесінің болуы туралы құжат.
Тізбеде көзделген өтініш пен құжаттар қабылданғаннан кейін, көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жүргізіледі және жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешімі және мүгедектігі бар адамды күндізгі болу бөлімшесіне жіберу қабылданады.
Мақаланы құрған күні 03.05.2024 17:07
Мақаланы жаңартқан күні 03.05.2024 17:07