«Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ( бұдан әрі – Орталық) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қажет ететін, он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар стационар және жартылай стационар жағдайында тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Орталықтың құрылтайшысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі (бұдан әрі – Құрылтайшы) болып табылады.
Орталыққа қатысты уәкілетті орган «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Орталық қызметінің тәртібі және қызметтер көрсету ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №230 бұйрығымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына және ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен сәйкес жүзеге асырылады.
Нормативтік-құқықтық актілер:
- Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидалары.
- Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационар және жартылай стационар жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты.
- Мемлекеттік сатып алу туралы заң.
- Мемлекеттік сатып алу туралы ереже.
Стационарлық үлгідегі Орталықтың негізгі міндеттері:
Қызмет алушылар үшін жасына және денсаулық жағдайына неғұрлым барабар тұрмыстық жағдайларға жақын өмір сүру жағдайларын жасау.
Осы стандартта белгіленген көлемдерге сәйкес стационар жағдайында АӘҚ ұсыну.
Қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және интеграция деңгейін арттыруға бағытталған АӘҚ көрсету.
Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру.
Кемсітушіліктің, физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылықтың, қорлаудың, дөрекі көзқарастың барлық түрлерінен қорғау.
Бүгінгі күні біздің Орталықта психоневрологиялық аурулары бар қызмет алушылар, 18 жастан асқан I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар тұрады, оларға әлеуметтік-тұрмыстық , әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік–мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер сияқты арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемі көрсетіледі.
Орталықтың Құрылымы

ӘШБ, Мед.блок, Бухгалтерлік бөлім, Кадрлар бөлімі, Заңгер, Әлеуметтік бөлім, Ас блогы
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер
Күтім мен медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жақсарту, оңалту шараларын жүзеге асыру мақсатында қызмет алушылар бөлмелерге денсаулық жағдайын, жас ерекшеліктерін және психологиялық үйлесімділігін ескере отырып орналастырылады. Тұрудың ыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында тұрғын бөлмелер қажетті жиһазбен және жұмсақ мүкәммалмен жабдықталған.
Әлеуметтік-медициналық
Қызметтерді алушылардың әлеуметтік-медициналық қызметтер алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсетілімдерін, физикалық және психикалық жағдайын ескеріп, қызметтердің уақтылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етуі қажет.
Әлеуметті-психологиялық
Психологиялық консультация беру қызметтерді алушыларға жанжалдың алдын алу және жою үшін тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Тренингтер, патронаждар және қызмет алушыларға психологиялық диагностика жүргізіледі.
Әлеуметтік-педагогикалық
Әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызметтерді алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік-еңбек
Еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында он сегіз жастан асқан, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, олардың жеке қажеттіліктеріне қарай қызметтерді алушылардың жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады.
Әлеуметтік-мәдени
Мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және әр түрлі мәдени, тынығу іс-шараларын өткізу стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады.
Әлеуметтк-экономикалық
Қызметтерді алушыларға тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және тиісті төлемдерді алуға жәрдемдесу
Әлеуметтік-құқықтық
Құжаттарды рәсімдеуде заңгерлік көмек көрсету. Сотта өкілдік ету, қызмет алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.

